
Бүгін, 21 қыркүйек күні, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Айыртау ауданының ұстаздары арнайы келді.
Ұстаздарға музей экспозициялары бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қонақтар Ботай мәдениетінің тарихымен, археологиялық жәдігерлермен, ежелгі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен және Ботай қонысының әлемдік археологиядағы маңызымен танысты.
Сондай-ақ, ұстаздар туған өлкенің бай тарихи-мәдени мұрасы мен музей қорында сақталған құнды жәдігерлер туралы тың ақпарат алды.
Тарихымызды танып, мәдени мұрамызды дәріптеуге деген қызығушылықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз!