
Экскурсия
Алматыдан келген туристер
2026 жылғы 4 тамызда «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Алматы қаласынан қонақтар келді.
Қонақтарға музейдің экспозициялық залы бойынша экскурсия өткізіліп, Ботай мәдениетінің тарихы, энеолит дәуіріндегі ежелгі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, археологиялық жәдігерлер мен жылқыны қолға үйрету тарихы туралы мәлімет берілді.
Сондай-ақ қонақтар тарихи Ботай қонысына барып, бірегей археологиялық ескерткіштің аумағымен танысты.
Ботай мәдениетіне қызығушылық танытып, арнайы келген қонақтарымызға алғыс білдіреміз! Ұлы дала тарихымен танысуға әрдайым шақырамыз!