
Экскурсия
2026 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қызметкерлері мен Қытайдан келген қонақтар «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келді.
Экскурсия барысында қонақтар энеолит дәуіріне жататын ежелгі Ботай қонысының тарихымен танысып, 5 мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген адамдардың тұрмысы мен дәстүрлері, сондай-ақ жылқыны алғаш қолға үйрету үдерісі туралы мәлімет алды .
Келушілерге археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер таныстырылып, Ботай мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Қонақтар экскурсияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, оның танымдық маңызын және экспозицияның ғылыми құндылығын жоғары бағалады.