
Экскурсия
2026 жылғы 3 тамызда «Ботай» музей-қорығына келуші үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында қонақ энеолит дәуіріне жататын ежелгі Ботай қонысының тарихымен танысып, осыдан 5 мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлері, сондай-ақ жылқыны қолға үйрету үдерісі туралы қызықты мәліметтер алды.
Келушіге археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған бірегей жәдігерлер таныстырылып, ботайлықтардың тұрғын үй салу ерекшеліктері, шаруашылығы мен күнделікті өмірі туралы ақпарат берілді.
Ботай мәдениетінің бай тарихы қонаққа ерекше әсер қалдырды. Ол экскурсияның танымдық маңызын, музей экспозициясының ғылыми құндылығын және экскурсоводтың кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.
Ботай – Ұлы дала тарихының терең тамырынан сыр шертетін бірегей мұра!