
Экскурсия
2026 жылғы 30 шілдеде «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Астана қаласынан туристер келді.
Сапар барысында қонақтар энеолит дәуіріне жататын бірегей археологиялық ескерткіш — көне Ботай қонысының тарихымен танысты. Экскурсия кезінде оларға ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігі, жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңі, сондай-ақ қымыз дайындау дәстүрі туралы кеңінен мәлімет берілді.
Қонақтар музей экспозицияларына ерекше қызығушылық танытып, тарихи мұрамен жақынырақ танысу мүмкіндігіне риза болды.