
Экскурсия
2026 жылы 21 шілдеде «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қызметкерлері мен Қытайдан келген қонақтар келді.
Экскурсия барысында қонақтар Ботай қонысының тарихымен танысып, ежелгі дәуірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі, мәдени мұрасы және археологиялық ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер алды.
Музей қызметкерлері танымдық экскурсия өткізіп, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дәріптеудің маңыздылығы жөнінде әңгімеледі.
Осындай кездесулер тарихқа деген қызығушылықты арттырып, туған өлкенің мәдени құндылықтарын құрметтеуге және ұлттық мұраны насихаттауға ықпал етеді.