
Экскурсия
Бүгін «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына №2 мектеп жанындағы жазғы лагерьдің оқушылары келіп, танымдық экскурсияға қатысты.
Балалар Ботай мәдениетінің тарихымен танысып, ежелгі қоныс туралы қызықты мәліметтер алды. Экскурсия барысында музей қызметкерлері Ботай мәдениетінің ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениеттегі маңызы туралы әңгімеледі.
Осындай экскурсиялар жас ұрпақтың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелейді.