
4 маусым күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Солтүстік Қазақстан облысы, Петерфельд ауылындағы «Қызылжар Абай орта мектебінің» оқушылары келді.
Экскурсия барысында оқушылар әлемге әйгілі Ботай қонысының тарихымен танысып, ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті және жылқыны алғаш қолға үйрету тарихы туралы тың ақпарат алды. Музей қызметкерлері келушілер үшін танымдық экскурсия ұйымдастырып, Ботай мәдениетінің ерекшеліктері жөнінде кеңінен мәлімет берді.
Осындай экскурсиялар жас ұрпақтың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелейді.